Әліппе қайта оралды. Балалар алғашқы екі тоқсанда әліппені, ал 3-тоқсаннан бастап Ана тілін оқиды. Айта кетсек, оқулықты дайындау кезінде көрнекті қоғам қайраткері, ақын Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізге алыныпты. Ақжолтай жаңалықты естіп, біраз қарапайым жұрт бөркін аспанға лақтырды. Өйтпей, қайтсін соңғы 6 жылда экс-министр Сағадиевтің жаңашылдығын қоғам белсенділері ғана емес мінбедегі депутаттарда әбден сынған еді.
️