Тұран арнайы экономикалық аймағындағы полиэтилен және поливинилхлорид негізіндегі құбырлар шығаратын зауыт өндіріс қуатын арттырады. Жылына 25 мың тоннаға дейін өнім шығаратын кәсіпорын өндірістік желіне 4 есеге дейін көбейтпек.
ЖҰЛДЫЗ ШАЛХАРБЕК ТІЛШІ
Мына бір кішкентай пластикалық шикізатан газге және суға арналған алып құбырлар жасалып шығарылады. Менің дәл қазір артымда екі бірдей 50 метрлік техника тұр. Бұл техниканың біреуі 1 сағат ішінде 1200 кг шикізатты балқытып, мынандай дайын құбырды жасайды
Германиядан жеткізілген жоғары технологиялық қондырғылардың жұмысын білікті мамандар бақылайды. Бұған дейін өндіріс саласында тәжірибе жинаған Бекжігіт Алсынбаев зауыт ашылған күннен бері осында еңбек етеді. Оның негізгі міндеті тапсырысқа сәйкес құбырлардың диаметрі мен қалыңдығын бағдарламаға енгізіп, өндіріс барысын бақылау. Маманның айтуынша, процестің басым бөлігі автоматты жүйе арқылы жүзеге асады.
БЕКЖІГІТ АЛСЫНБАЕВ ОПЕРАТОР
Бірінші ванна турбаның размеріне қарай диаметрін келтіреді. екінші ванна өзі салқындатады. Сосын бертін келе техника қажетті размеріне жеткенде өзі кеседі.
Бүгінде кәсіпорында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс алаңы іске қосылғанына бір жыл болды. Қазіргі таңда мұнда екі өндірістік желі тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың санын сегізге дейін жеткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде өнім көлемін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
ДІЛШАД АЗИМОВ БАС ТЕХНОЛОГ
Диаметрі 110 бастап, 630-дыққа дейін шығара аламыз. Судың және газ құбырларын шығарамыз. Кейде кәріс желісіне де пайдалануға болады. // Құбырлар күннің ыстығына салқынына қарамайды. Өйткені пластиктің шыдамдылығы 50 жыл. Сондықтан оны көмсе де, жер үстіне қойсада болады.
Кәсіпорын сапа мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Негізгі шикізат Ресей мен Ираннан жеткізіледі. Жаңа материал түрлері сынақтан өткізіледі, өндірістік қалдықтар да кәдеге жаратылады. Кесу кезінде қалған ұсақ бөлшектер қайта өңделіп, құрылыс саласына қажетті өзге полимер бұйымдарын жасауға жіберіледі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өндірістер импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, отандық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
️