Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы кемшіліктер сараланды

23
03.06.2026 20:23

Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мекемеаралық жұмыс тобының кезекті отырысында талқыланды. Жиында белгілі болғандай, кей аудандардағы жер кадастры бөлімдерінде  құжат рәсімдеу ісінде қателіктер анықталған. Өзге де түйткілдерге қатысты заң талаптарын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды. Кеңесте көтерілген тақырыптардың жай-жапсарын тілші баяндап береді.

 

 Арнайы жұмыс тобының отырысында жауапты мекемелердің есептері тыңдалды.Сондай-ақ,  заң талаптарын күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірнеше мәрте қайталанған кемшіліктердің алдын алу мәселелері көтерілді. Мәселен, тексерулер барысында Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінде құжат жер учаскелерін рәсімдеу кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, сала мамандарына құқықтық баға берілген. Нәтижесінде бөлім басшысына қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен босату мәселесі қаралуда. 

 

Аталған фактіні бірден назарға алып, бірқатар шараларды қолға алдық. Нақты сол азаматқа келер болсақ, бұл қызметке тағайындалғанына 1 жыл да тола қойған жоқ. Құжаттардың рәсімделуіндегі олқылықтар бойынша қазіргі уақытта азаматты қызметінен босатып, сотқа арыз жолданды. Алдағы уақытта да мұндай кемшіліктерге жол берілмеуін қамтамасыз етеміз. 

 

Бүгінде мекемеаралық жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайтып келеді. Тоқсан сайын кезекті отырыс жоспарланып, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленеді. Өткен жылы 4 мәрте жиын өткізіліп, 17 мәселе қаралған. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға жолданған 79 ұсыныстың барлығы дерлік қамтылған.

ЕРНҰР ЖҰМАТАЙ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

 

 

Ведомствоаралық жұмыс тобының  басты мақсаты азаматтардың сұрауларына жауап беретін, мемлекет пен қоғам қатынастарының сервистік, проактивті моделін көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Онлайн базаларға мониторинг жасау барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бақылай аламыз. Егер қандайда бір ауданға шағым көптеп түсетін болса, ол бірден назарға алынып осындай кеңестерге талқыланып, арнайы шара қабылданады.

 

Мұндай бақылау шаралары мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен, тиімділігін арттырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.