Екі бала суға батып кетті

22
03.06.2026 20:58

Жазғы демалыстағы бала қауіпсіздігін бір сәт қаперден шығару — орны толмас қайғыға әкелді. Келес ауданы Еңбекші ауылында қараусыз қалған екі жасөспірім суға батып кетті. Ошақты суару каналының маңында жүрген 13 және 6 жастағы балалардыекіпін  қатты  ағысы алып кеткен. Тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілген іздестіру-құтқару шараларына Төтенше жағдайлар қызметі, полиция және арнайы жасақтың 73 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өкінішке қарай, құтқарушылар қос баланың денесін судан өлі күйінде тапты. Бүгінде қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Құтқарушы мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға және су айдындарының маңында оларды жалғыз қалдырмауға шақырады.

 

ФУРКАТ ЖОЛДАСОВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИName_newsГІ 

Түркістан облысында 2026 жылдың басынан суға кету жазатайым оқиғаларына қатысты 16 дерек тіркелген. Оның ішінде 12 жас бала.  Осыған байланысты Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарына жас балаларды үлкендердің қарауынсыз суға жібермеуді сұранамыз.