Токиодан сүйінші хабар. Қазақстандық паралимпиадашы Давид Дегтярев Жапонияда өтіп жатқан паралимпиадада пауэрлифтингтен 54 келі салмақта чемпион атанып, алтын медаль алды. Ол үш мүмкіндігін толық пайдаланып, 174 келіні көтерді. Бұл – ұлттық құраманың Токио паралимпиадасындағы алғашқы жүлдесі. 25 жастағы Дегтярев биыл паралимпиада алдында Тбилисиде өткен әлем кубогында 185 келіні көтеріп, алтын медаль алған еді. Айта кетсем, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.
️