⁠Депутат соңғы қоңыраудағы даңғазалықты сынға алды

22
03.06.2026 16:48

Мектеп бітіру кештеріндегі орынсыз сән-салтанат мәселесі мәжіліс мінберінде көтерілді. Депутат Жарқынбек Амантайұлы қымбат көлік кортеждері мен алып гүл шоқтарының көбейгенін сынға алып, мұның ата-аналарға қаржылық қысым түсіріп, жастар арасында қажетсіз  құндылықтарды қалыптастыруы мүмкін екенін айтты. Ресми мәліметке сүйенсек, биылғы оқу жылында 215 мыңнан астам түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Депутаттың айтуынша, бірнеше қаланың түлектері қымбат көліктерді жалдап, кортеж жасаған. Ереже бұзған 21 баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты Үкіметке мектеп бітіру іс-шараларының бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеу ұсынылды. 

 

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ    

 

Өкінішке қарай, мұндай бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіргені анық. Кейбір ата-ана баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға, бөліп төлеуге гүл немесе сыйлық алуға мәжбүр болғанын ашық айтылып жатыр. Бұл жағдай әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары арасында психологиялық тұрғыда оңай болмайтыны белгілі Склейка Оқу ағарту министрі тарапынан мектеп бітіру мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуді сұраймыз.