Түркістанда аптап ыстық басталды. Түс мезгілінде көшелер мен асфальт жамылғысы қатты қызатындықтан, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соның бірі – аэро тәсілмен қала көшелеріне су шашу. Мамандар бұл жұмыс қоршаған ортаның жайлылығын сақтауға және жолдардың төсенішін қорғауға бағытталғанын айтады.
️