Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Енді вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді. Сонымен бірге студенттерге университетке Ashyq қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек ұстаздардың, персонал мен білім алушылардың дене қызуы күн сайын өлшенетін болады. Толығырақ тілшіміз Дана Сүлеймен баяндайды.
️