Бірнеше мемлекеттік қызметкерге ескерту жасалды

20
29.05.2026 19:32

Әдеп кеңесінің кезекті отырысында бірнеше мемлекеттік қызметкерге ескерту жасалды. Оның ішінде Кентау қаласы білім бөлімінің басшысына қызметтік көлікті жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін тәртіптік жаза қаралды. Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маманы да келмеген тауарға төлем жасағандықтан дәл осы жаза түрін арқалады. Сондай-ақ Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына әдеп кодексінің талабын бұзғаны үшін ескерту берілді. Жалпы, басқосуда 10 мәселе қаралды. Жиында мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты Кентау қаласы әкімінің, Жетісай қаласы әкім аппараты әдеп жөніндегі уәкілі есеп берді.