Еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін әлеуетін күшейту қажет. Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы бүгінде әлемдік экономикадағы өсім баяулағанын айтып, бұл жағдай Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де әсер ететінін жеткізді. Сондықтан ұйымның ішкі тұрақтылығын нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ былтыр одақ елдері арасындағы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асқанын айтты. Президент бүгінгі күннің тарихи мәніне де тоқталып, дәл осы күні, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын еске салды.
️