Полицейлер балалардың арманын орындады

13
29.05.2026 19:18

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолға алынған «Армандар орындалады» жобасына биыл төрт жыл толды. Осы уақытқа дейін ерекше күтімді қажет ететін 900-ден астам бүлдіршіннің тілегі орындалған. Игі шара аясында бүгін Түркістандық полиция қызметкерлері балалардың өз қолымен жазған хаттарындағы армандары мен қалауларын орындап, арнайы сыйлықтар табыстады. Жоба авторы Әсел Бимырзаева мұндай бастаманың басты мақсаты — ерекше балаларға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, оларға қоғамның мейірімі мен қолдауын сезіндіру екенін айтады.