Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында сел жүріп, жұртты әбірге салды. Толассыз жауған нөсердің салдарынан тау бөктерінен аққан тасқын екі елді мекенге лап қойған. Табиғи апаттан әсіресе Қыдыр Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдары көбірек зардап шеккен. Сел 40-тан астам үйдің ауласын шайып кеткен. Соның бірі – Нұрсұлтан Дауылбаевтың шаңырағы. Айтуынша, бір сағаттың ішінде келген тасқын су үйін жарамсыз күйге түсірген.
️