Оқу-ағарту министрі түлектерді құттықтады

11
25.05.2026 19:05

Биылғы оқу жылы түлектер үшін ғана емес, білім саласы үшін де нәтижелі болды. Ел бойынша 11-сыныпты 215 мыңнан астам оқушы аяқтап отыр. Ал Талапкер ауылындағы мектеп-гимназиядан 32 түлек үлкен өмірге қадам басты. Олардың арасында «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушылар бар. Бүгін осы білім ордасында өткен соңғы қоңырау салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы қатысты. Жиында министр түлектерге ақ жол тілеп, білім саласындағы жетістіктерге де тоқталды.