35 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

18
25.05.2026 16:28

Түркістан облысындағы мыңнан астам мектепте бүгін соңғы қоңырау соғылып, түлектер үлкен өмірге жолдама алды. Биылғы оқу жылы өңір үшін табысты аяқталып отыр. Аймақ оқушылары халықаралық білім бәйгелері мен республикалық олимпиадаларда топ жарып, үлкен жетістіктерге жетті. Қуаныш пен қимастық қатар өрілген ерекше күннің лебізін тілшіміз Дана Қазыбек жеткізеді.