Уақытша ашылған аккаунт пен жеке байланыс нөміріңіз қылмыстық істің басты дәлеліне айналуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желідегі парақшалар мен сим-карталарды бөгде адамдарға беру өте қауіпті екенін қатаң ескертеді. Күмәнді топтар әсіресе оңай табысқа қызыққан жасөспірімдерді арбап, олардың атына жаппай нөмір рәсімделуде. Ал кейін бұл аккаунттар интернет-алаяқтардың басты құралына айналып, қазақстандықтарды тақырға отырғызу үшін пайдаланылады екен. Мамандар мұндай әрекеттердің арты қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін айтады.
️