Музей - тек жәдігерлер қоймасы емес, ол өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Ал сол көпірдің күзетшісі де, зерттеушісі де, насихатшысы да Ердос Қонысов сынды жандар. Жәдігерді тек тілмен емес, жүрекпен сөйлететін, тіпті экспонаттарды да өз қолынан жасайтын мұражай қызметкерімен тілшіміз Дана Қазыбек тілдесіп қайтты.
️