Түлектер мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізе алмайтын болды

14
22.05.2026 21:22

 25 мамырда Түркістан облысындағы 106 мектептің 35 мыңнан астам түлегіне соңғы қоңырау соғылады. Олардың екі жарым мыңға жуығы “Алтын белгіге” үміткер. Алайда қуаныштың соңы орынсыз даңғаза мен қауіпке ұласпауы тиіс. Осыған байланысты білім басқармасы мен полиция қызметкерлері мектеп бітірушілерге және ата-аналарға қатаң ескерту жасады.