Құрылыс саласындағы жауапкершілік күшейтіледі

13
22.05.2026 21:21

 Құрылыс саласындағы жауапкершілік күшейтіледі. Енді нысандарды пайдалануға беру кезінде сәйкестік декларациясына ерекше мән беріледі. Бұл құжат ғимараттың құрылыс нормаларына, жобалық талаптарға және қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес екенін растайды. Сондай-ақ нысанның мүгедектігі бар азаматтарға және жүріп-тұруы шектеулі адамдарға қолжетімді болуы басты талаптың бірі саналады. Қазіргі таңда әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарында кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Осыған байланысты пандустар, лифтілер, тактильді көрсеткіштер, санитарлық тораптар мен кіреберіс аймақтарының талапқа сәйкестігі бақылауға алынады.