Оқушылар мен ұстаздар айына бір кітап оқуға міндеттелді

13
22.05.2026 16:22

Қазақстан мектептерінде «12 айда 12 кітап» атты жаңа жоба басталады. Бұл бастаманың басты ерекшелігі енді партадағы оқушы ғана емес, тақта алдындағы ұстаз да кітап оқуға білек сыбана кіріспек. Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба алғаш «Келешек» мектептерінде  жүзеге асырылады. Мақсат тек құрғақ білім беріп қана қоймай, мектеп ішінде  оқу мәдениетін қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушылар мен педагогтарға арналған арнайы әдебиеттер тізімі түзіліп жатыр. Тізімге әлемдік бестселлерлерден бастап, отандық классикалық шығармалар мен тұлғалық дамуға арналған заманауи еңбектер енгізілген. Жоба соңында ең үздік оқырмандар анықталып, арнайы марапаттарға ие болмақ.