Қоқысқа толған қырқалар

18
22.05.2026 16:21

 Түркістан облысында бейберекет қоқыс тасталған орындары азаймай тұр. Былтыр жер иелеріне 10 әкімшілік хаттама толтырылып, 4,3 миллион теңге айыппұл салынған. Соған қарамастан биылдың өзінде спутник арқылы облыс аумағында рұқсат етілмеген жерлерден 100-ге жуық күресін анықталған. Экологтар тазарту туралы тапсырма бергенімен, кей аумақтарда жұмыс әлі толық аяқталмаған. Тілшіміз Жұлдыз Шалхарбек мәселенің мән-жайын көріп қайтты.