Түркістан облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтық бойынша 212 қылмыстық дерек тіркеліп, оның 144-і ашылған. Қазіргі таңда облыста киберқылмыстың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру және профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, халықпен тікелей кездесулер өткізуде. Сонымен қатар сауда-саттық және қоғамдық орындарда ескерту акциялары ұйымдастырылып жатыр. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын интернеттегі күмәнді сілтемелер мен жарнамаларға сенбеуге, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге және кибералаяқтардың арбауына түспеу үшін барынша сақ болуға шақырады.
️