Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мәдениет саласының үздіктеріне мемлекеттік награда табыстады. Қазақстан Республикасына айрықша сіңірген еңбегі үшін Татьяна Бурмистроваға «Отан» ордені, халық әртісі Мақпал Жүнісоваға 2-дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Сонымен қатар, сала үздіктеріне 3-дәрежелі «Барыс» , 2-дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табысталды. Жалпы биыл кәсіби мереке қарсаңында еліміздің 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады.
️