Киіктер қырылып жатыр

20
20.05.2026 21:36

Ақмола облысында киіктер жаппай қырылуда. Атбасар ауданында екі мыңға жуық ақбөкеннің өлексесі табылды. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға індет емес, табиғаттың тосын мінезі себеп болған. Дәл қазір киіктердің төлдеп жатқан кезі. Ұзақ жолдан әбден қажып, әлсіреген жануарлар мамыр айындағы күннің күрт суытуы мен үсікке шыдас бере алмаған. Қазір санитарлық жағдайды бақылауда ұстау үшін өлекселерді жинап, арнайы белгіленген жерлерге көму жұмыстары жүріп жатыр. Зертханалық сараптамалар нәтижесінде жануарлардан ешқандай жұқпалы ауру анықталған жоқ. Сондықтан мамандар бұл жағдайды ауа райының қолайсыздығынан болды деп отыр.