Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейген. Жыл басынан бері өңірде дәл осындай сипаттағы 44 дерек тіркелген. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға өскен. Жанауыртарлық жәйт, төрт айдың ішінде 33 бала өз-өзіне қол жұмсап, тағы 90-ға жуық жасөспірім қыз ерте жүкті болып қалған. Балаларға қарсы жасалған қылмыстар да азаяр емес. Осы қасіреттің алдын алу үшін өңірде «Адал ата-ана қауіпсіз балалық шақ» атты үлкен форум өтті. Жиынның басты мақсаты «балам мектепте жүр ғой» деп арқаны кеңге салмай, әрбір әке мен анаға баланың тәрбиесіне, оның қауіпсіздігіне тікелей жауапты екенін ұқтыру. Мұнда құрғақ сөз емес, «балаңызды тыңдаңыз, оған уақыт бөліңіз» деген бес негізгі қағидадан тұратын арнайы ресми келісім қабылданды.
️