Саммит қорытындысы мен өңір экономикасы кеңінен талқыланды

19
20.05.2026 21:33

Жаңа қаладағы жаңа этно кешенде алғашқы ауқымды басқосу өтті. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров ел ағаларымен және белсенді тұрғындармен жүздесіп, шаһардың бүгінгі тынысы мен ертеңгі жоспарын талқылады. Тек қала деңгейінде шектелмей, онлайн түрде өзге өңірлердің тұрғындары да жиын барысын бақылады. Келелі кеңесте Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындылары сараланып, өңір экономикасы мен ірі инвестициялық жобалар сөз болды.