Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек

14
20.05.2026 21:32

Қазақстан мен Кения президенттері Астанада келіссөз жүргізді. Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайы талқыланды. Мемлекет басшысы Кения Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Тиісінше, Президент қос мемлекет арасында көлік бағдарларын байланыстырып, инвестициялар мен тың мүмкіндіктерге жол ашу арқылы Орталық Азия мен Африка арасына Қазақстан мен Кения дәнекер бола алатынын жеткізді. Сондай-ақ алыс-беріс пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейту үшін Іскерлік кеңес құруды ұсынды.