Депутаттар дәріс алып жатыр. Түркістан қаласында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған 3 күндік оқу семинары басталды. Оған облыс бойынша 170 тыңдаушы қатысуда. Арасында мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, партия филиалдарының қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері бар. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, көшбасшылық, өңірлік басқару, қоғамдық коммуникация және сайлауалды бағдарламаларды іске асыру бойынша білімін жетілдіруде. Орталық аппарат мамандарының айтуынша, семинар соңында тестілеуден жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар келесі кезеңге өтіп, жобаларын қорғайды.
️