Әскерге шақыру жүйесіне ЖИ енгізілмек

18
20.05.2026 18:08

Әскери есепке алу мен әскерге шақыру жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Соның аясында IT және киберқауіпсіздік саласындағы жас мамандар әскери қызметке тартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Елордада өткен көшпелі жиында баяндалды. Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қатысуымен өткен кездесуде, әскерге шақыру ісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралды. Атап айтсақ, әскер қатарына шақырушылардың денсаулығын тексерудегі сапаны арттыру, психологиялық диагностиканы жетілдіру және медицина қызметкерлерінің жаупкершілігін күшейту қажеттігі талқыланды. Бұдан өзге қазіргі уақытта Қарулы күштерді жасақтау аяқталғанын, ал 25 мамырдан кейін Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтау басталатыны мәлімделді. Әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады.