Өзбекәлі Жәнібеков туралы жаңа еңбек жарық көрді

17
19.05.2026 21:25

Шымкентте қазақтың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков туралы жаңа кітаптың тұсауы шешілді.  «Өзбекәлі Жәнібек кім?» атты ғұмырнамалық еңбектің авторы — белгілі әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек. Туындының таныстырылымы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтті. Жаңа кітап — 2000 дана тиражбен жарық көрген. Жиынға қатысқан академиктер мен қоғам қайраткерлері туындының тарихи-танымдық құндылығына жоғары баға берді. Олардың пікірінше, Өзбекәлі Жәнібековті зерттеу — бір кітаппен немесе бір автормен шектелетін дүние емес, бұл келешек ұрпаққа аманат етілетін үлкен рухани мұра.