Астанада түркі елдері арасында тұңғыш рет өткізілген командалық шахмат чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы айқын басымдық танытып, бірнеше санат бойынша жүлделі орындарды иеленді. Зияткерлік сайысқа алты мемлекеттен үздік шахматшылар қатысып, турнир түркі елдері арасындағы жаңа спорттық ынтымақтастықтың бастамасына айналды. Келесі бейнематериалға назар салайық.
️