«Алтын Орда» халықаралық симпозиумы өтті

15
19.05.2026 21:20

Алтын Орда тарихын тек әскери жорықтармен өлшеу — үлкен қателік. Ұлы дала шежіресін жаңаша, объективті пайымдайтын уақыт жетті. Астанада өткен халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай кесімді мәлімдеме жасады. Президент Қазақстанның осы алып империяның тікелей әрі заңды мұрагері екенін тағы бір мәрте шегелеп айтты.