Киелі шаһарда келелі ой мен кемел пікір тоғысты

70
18.05.2026 19:46

Түркістан тағы бір мәрте түркі жұртының рухани өзегіне айналды. Киелі шаһарда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті бауырлас елдердің байланысын бекемдей түсті. Ал осы тағылымды жиыннан кейін қазақы болмысты айшықтаған  жаңа этно-туристік кешенде ел ағалары бас қосты. Алыстан менмұндалаған киіз үй пішініндегі нысанда өткен кездесуде ақсақалдар Мемлекет басшысына алғыстарын білдіріп, қоғамды татулық пен ынтымаққа шақырды.