Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай және Орталық Азия елдерінің ІІМ басшыларын қабылдады. Жиында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы терроризм мен экстремизмге қарсы күресте күш біріктіру қажет екенін айтты. Сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою маңызды екенін жеткізді. Президент интернет арқылы таралатын радикалды идеология мен жалған ақпараттың қаупіне тоқталды. Айтуынша, киберқылмыс пен фейк ақпарат бүгінде ортақ қауіпке айналған. Осыған байланысты елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту ұсынылды.
️