Ұлттық ұлан авиациясына 34 жыл толды

12
14.05.2026 16:26

Бүгін Ұлттық ұлан авиациялық базасының құрылғанына 34 жыл толды. Авиациялық эскадрилья экипаждары осы уақыт ішінде гуманитарлық миссиялар мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында елге қызмет етіп келеді. Мәселен, соңғы бір жылдың ішінде ұшқыштар әуеде 1 мың 924 сағат ұшқан. Бұл шамамен 80 тәулікке тең үздіксіз әуе жұмысы болып есептеледі. Ұшу сағаттарының басым бөлігі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Осы кезеңде ұлттық ұлан авиациясы 7 мыңнан астам жолаушыны және 607 тонна жүк тасымалдаған.