14 жыл бұрын болған қылмыс ашылды

15
14.05.2026 16:24

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты. Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болыпты. Топтық төбелес кезінде пышақ жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмапты. Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша биыл тергеу-жедел тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы анықталған.