Саммит қауіпсіздігіне күштік құрылымдар толық дайын

27
13.05.2026 21:42

 Түркістан төрінде өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қауіпсіздік жағдайына айырқша мән беріліп отыр.  Халықаралық деңгейдегі маңызды саяси жиын алдында шаһарда күштік құрылымдардың дайындығы күшейтіліп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары толық пысықталды. Гарнизондық саптық тексеру барысында жеке құрамның әзірлігі, арнайы техникалардың мүмкіндігі мен жедел әрекет ету деңгейі жан-жақты тексерілді.