Премьер-министр экотуризмдегі олқылықтарды сынға алды

25
13.05.2026 21:41

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 2034-ші жылға қарай әлемдік экологиялық туризм нарығы 660 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін. Сондықтан, еліміздегі экотуризм мен экологиялық инфрақұрылымды дамыту басты назарда болуы қажет.  Осылай деген Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Дәлірек айтсақ, үкімет басшысы тек ел аузында жүрген жаттанды орындарды ғана емес, туризмін одан әрі жандандыруға болатын өңірлерге де көңіл бөлу керек екенін тапсырды.