Елде филологиялық сараптама жүргізетін маман тапшы

25
13.05.2026 21:39

Елімізде филологиялық сараптама жүргізетін маман тапшы. Бұл жайында еліміздің сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов айтты. Оның сөзінше Қазақстанда 1200-ден астам сот сарапшысы жұмыс істейді. Оның тек 28-і ғана филологиялық сараптама жүргізе алады. Айта кетейік, дәл осы филологиялық сараптамаға қатысты оқиға Қуандық Бишімбаев ісінде болған еді. Бишімбаев пен марқұм әйелінің бауырлары әлеуметтік желідегі жазбалары үшін соттасып, айтылған сөзде ар-намысқөа тию белгілері бар-жоғына сараптама жүргізген.