Түркістанда түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммитіне дайындық қызу жүріп жатыр. Маңызды жиынды өткізу үшін қаланың сәулеттік келбеті көркейіп, жаңа нысандар бой көтерді. Сонымен қатар, мәртебелі меймандарға арнап қолөнершілер орталығында арнайы көрме де жасақталып жатыр. Онда білікті шеберлер өз туындыларын делегация мүшелерінің назарына ұсынбақ. Дайындық барысын әріптесім Шұғыла Ғалиқызы көріп қайтты.
️