Берн одағының форумы еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтпақ

10
12.05.2026 20:12

Астана ірі халықаралық қаржы институты «Берн одағының» басқосу алаңына айналды. Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатқан форумға әлемнің 70 елінен 200-ден астам делегат қатысуда. Олар ірі банктер мен сақтандыру компанияларының басшылары. Жиынға қатысқан Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің инвестициялық жетістіктерімен бөлісті. Бүгінде Қазақстан өнімдері әлемнің 127 еліне экспортталады. Үкімет басшысы шетелдік кәсіпкерлерді елімізде стратегиялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Әсіресе, көлік-логистика және цифрлық технология салаларына басымдық берілмек. Инвесторлар мен білікті мамандар үшін «Алтын виза» режимі енгізіліп, бизнесті қолдаудың жаңа тетіктері іске қосылды. Қазақстан 2032 жылға дейін құны 170 миллиард доллар болатын ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.