Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехникадан әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған үздік нәтиже көрсетті. Озық ойлы өрендердің жаһандық сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының құрамасы күміс жүлде иеленіп, әлемнің ең үздік бестігіне енді. 110 мемлекеттен 50 мыңнан астам үміткер қатысқан тартысты бәсекеде отандастарымыз археологияны роботтандыру жобасымен технологиялық алпауыт елдердің білімдарларының өзін артқа қалдырды. Мұхит асып, мерейі үстем болған жас өрендермен тілшіміз сұхбаттасып, жеңіске жетелеген бірегей жобаның құпиясын біліп қайтты.
️