Түркістанда халықаралық деңгейдегі саммит қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мемлекет басшылары қатысатын ауқымды жиынның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету үшін 15-ші мамыр күні қаланың кейбір бағыттарында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілмек. Шектеу шаралары кезең-кезеңімен «Алтын шаршы» аумағы, «Керуен сарай» туристік кешені мен Саттарханов даңғылында қолға алынады. Сондай-ақ Батырбеков, Қожанов, №11-ші, 32-ші, және нөмірі 9-шы көшеде қозғалыс уақытша шектеледі. Ал тәртіпті сақтауға арнайы мемлекеттік органдармен қатар, Қарулы Күштердің техникалары мен әскери авиациясы жұмылдырылады. Құқық қорғау органдары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.
️