Алматы облысында 11-сынып оқушысы мұғалімді соққыға жықты. Әлеуметтік желіде тарап кеткен оқиғаға қатысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, төбелес биылғы жылдың 16-ы қаңтарында Шамалған ауылының Жаңа қазақ орта мектебінде болыпты. Сағат 09:00 шамасында мұғалім мен 11-сынып оқушысының арасында жанжал туындаған. Оқытушы жасөспірімге ескерту жасап, сабаққа баруын талап еткен. Алайда оқушы ескертулерді агрессивті түрде қабылдап, ұстазына жұдырық ала жүгірген. Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сондай ақ, мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, құзырлы органдар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
️