Вандализммен айналысқан азамат түрмеге қамалды

27
12.05.2026 18:08

 Маңғыстауда табиғи нысанды бүлдірген тұрғын 25 тәулікке қамалды.  Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның Ыбықтысай шатқалындағы тастарға  аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін ойып, жазып кеткенін анықтаған. Құқық бұзушылықты жасаған 21 жастағы жігіт Маңғыстау облысының тұрғыны болып шықты.  Полиция табиғи нысандарға, тарихи-мәдени мұра объектілеріне және ескерткіштерге жазу немесе сурет салу әрекеттері  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік екенін ескертеді.