Жаңа сәулет нысандары ашылады

22
12.05.2026 18:07

Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласында өтетін бейресми саммитіне байланысты шаһарда бірнеше жаңа сәулет нысандары пайдалануға берілмек. Олардың құрылысы аяқталуға жақын. Соның бірі – қаланың кіреберісінде бой көтерген Тайқазан. Оның биіктігі 10 метрден асады. Ал, диаметрі – 12 метр. Қаңқасы металлдан жасалған. Тұғыр бөлігінде түркі елдерінің бірлігін білдіретін ай мен жұлдыз бейнеленген. Оған қоса Тайқазан іргесінде этно-туристік кешен салынуда.Биіктігі 15 метр болатын  алып киіз үйде келешекте ірі мәдени іс-шаралар, форумдар өткізіледі. Оның айналасында шағын киіз үйлер, ұлттық асханалар, қолөнер шеберханалары, фото аймақтар болады. Кешеннің жалпы аумағы 9 гектарға жуық. Бұл жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырумен қатар, ұлттық мұраны жаңғыртуға және ішкі, сондай-ақ халықаралық туризмді дамытуға негізделген.