Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңнамалық өзгерістерге сәйкес, атқарушы билік жүйесінде үлкен трансформация басталмақ. Министрлер кабинеті биыл тамыз айында сайланатын жаңа құрамдағы Құрылтай алдында өкілеттігін толықтай тоқтатады. Сенатор Бекболат Орынбековтің айтуынша, жаңа заң жобасы атқарушы билік пен жаңадан енгізілетін Вице-президент институтының аражігін нақтылап бермек.
️