Олжас Бектенов Қызылорда облысының жаңа әкімін таныстырды

20
08.05.2026 19:11

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды. Енді Сыр өңірін бұрын Парламент Мәжілісінің депутаты болған Мұрат Ергешбаев басқарады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен мәслихат депутаттарының жиналысында жергілікті халық қалаулыларының 81 пайызы Мұрат Нәлқожаұлының кандидатурасына дауыс берді. Үкімет басшысы облыс активіне жаңа басшыны таныстырып, ел Президентінің өңір әкімдігіне бірқатар міндет қойғанын атап өтті. Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев жуырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Ол әкім болған 4 жыл ішінде Сыр өңірінің өнім көлемі 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жеткен. Оған қоса аймақ орталығы орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілді.