Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық өсімі, инфрақұрылымдық жаңғыруы мен қоғамдық тұрақтылығына Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері айырықша мән берді. Жалпы, өңір соңғы жылдары тек тарихи-рухани орталық ретінде ғана емес, экономикалық өсімі серпінді әрі тұрақты дамып келе жатқан аймақ ретінде де халықаралық қауымдастықтардың назарына ілігіп келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев БҰҰ-ның даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті.
️