Ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталды

20
08.05.2026 19:07

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Ордабасы ауданында «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік шара өтті. Отан үшін от кешкен батырлардың есімі ұлықталып, майдан даласында мерт болған боздақтарға гүл шоқтары қойылды. Олардың өшпес ерлігіне тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Аудан басшысы жиналған жұртшылықты қос мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің қажырлы еңбек пен қаһармандықтың символы екенін, батыр бабалардың аманатын сақтау — бүгінгі ұрпақтың басты парызы екенін атап өтті.