Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

12
06.05.2026 20:58

Президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Мерейлі мереке қарсаңында мемлекет басшысы Ақордада әскери және қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге барын салып жүрген қызметкерлерге «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін табыстады.  Шен тапсыру рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев ерлік ешқашан ұмытылмайтынын айтып, ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтау керек деді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Рейхстагқа ту тіккен марқұм Кенжебай Мәденұлына "Халық қаһарманы" атағын берді.